Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

91 тобының мүшесі Азамат Ашмақын алғаш рет отбасы жайлы айтты (видео)

Опубликовано:

Азамат Ашмақын
Азамат Ашмақын. Фото: "Ашығын айтқанда" бағдарламасы

91 тобының мүшесі Азамат Ашмақын "Ашығын айтқанда" бағдарламасында отбасы жайлы айтты. Әнші өнер саласына келгелі алғаш рет толық сұқбат берген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ата-анам бар. Інім бар. Отбасында екеуміз. Інім де өнер саласында. Әкем - зейнеткер. Анам үй шаруасымен айналысады. Әкем полиция қызметкері болды. Бұрын бірге тұрдық. Қазір бөлек тұрамын. Кезінде 91 тобымен бөлек шығып, содан үйреніп кеттім. Бірақ аптасына бір-екі рет барып тұрамын.

Әкемнің жүрегі өте кең, інім Әсет екеумізге бар қолдауын көрсетті. Кейде ұрысатын, бірақ жұмсақ болды. Соның арқасында таңдауға еркіндік берді. "Қателесіп көр" дегенінің арқасында өсуге мүмкіндік алдық. Інім екеуміздің ата-анадан жолымыз болды. Ішімде ата-ананың разылығын алу деген мақсаттарым бар", - деп ағынан жарылды әнші.

Өнер иесі сұқбат барысында жалғыз бауырымен бала кезде арасы жақын болмағанын да жасырмай айтып берді.

"Біз інім екеуміз жақын болған жоқпыз. Мен 5-6 жасыма дейін ауылда әжемнің қолында өстім. Інім қалада өсті. Ол қалада өскесін орыс сыныбына барды. Мен ауылдан келіп, қазақ сыныбына бардым. Екеуміз екі түрлі түсінікпен өстік. Бір-бірімізді жасөспірім кезде мүлде түсінбедік.

Бірақ уақыт өте келе ол Қытайға оқуға барды. Сол кезде елін сағынып, қазақшасы дамып кетті. Сосын Ресейге барғанда өзгерді. Екеуміз содан қайта тіл табыстық. Бұрын жақын болмадық, ал қазір бәрі жақсы", - деді өнер иесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1992715-91-tobynyn-musesi-azamat-asmaqyn-algas-ret-otbasy-zaily-aitty-video/

pixel