jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Менен құтыла алмай жүр ме?": Жігер Ауыпбаев желіде өзі туралы тараған "суық хабарға" пікір білдірді

    Жігер Ауыпбаев
    Жігер Ауыпбаев. Фото: instagram.com/jiger_auypbaev_official

    Белгісіз біреулер желіде әнші Жігер Ауыпбаевтың "қайтыс болғаны" жайлы жалған ақпарат таратып жіберген. Өнер иесі Instagram желісінде мұны жоққа шығарды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Ауыпбаев өзі жайлы жарияланған видеоларды желіде көрсеткен.

    "Осылай қарап отырсам, әндерден кейін "Шұғыл хабар" дейді. Мен қайтыс болып кетіппін ғой. Мынау не хабар енді? Менен құтыла алмай жүр ме? Үш күн бұрын салыпты. "Ешкім аман қалмады" дейді. Алла сақтасын", - деп айтты әнші видеода.

    Сондай-ақ ол "Біреуге өлім тілегенше, өзіңе өмір тіле" дейді емес пе?", - деп жазып қойды.

    Айта кетейік, Youtube желісінде әншінің "қайтыс болғаны" жайлы бірнеше ақпарат тарап кеткен.

    "Менен құтыла алмай жүр ме?": Жігер Ауыпбаев желіде өзі туралы тараған "суық хабарға" пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.