Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәурен Айдарқұлов отбасында жіберген қателігін бөлісті (видео)

Опубликовано:

Дәурен Айдарқұлов
Дәурен Айдарқұлов. Фото: instagram.com/daurenaidarkulov

Отандық актер Дәурен Айдарқұлов желіде отбасылы уақытта жіберген қателіктерімен жиі бөлісуді әдетке айналдырған. Бұл жолы өнер иесі ер-азаматтарға әйелге қалай көңіл бөлу керектігі жайлы кеңес берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ол отбасылы өмірде көп мән берілмейтін ұсақ-түйек қателіктің бірнешеуіне тоқталған.

"Бірінші және екінші отбасымда мен өте қарапайым қателікті жібердім. Бұл қателікті көп ер азамат жібереді. Мен гүл беруді ұнатпайтынмын. Бірнеше күн өмір сүріп, солып қалатын гүлді не үшін сыйлау керектігін түсінбегенмін. Оның орнына пайдалы дүние сыйлаған ұнайтын.

Алайда әйелдерге сыйлыққа гүл алған ұнайды. Алла солай жаратқан. Бізге, яғни ер адамдарға осы дүниені қабылдап, гүл сыйласақ болғаны", - деді актер.

Сонымен қатар Дәурен Айдарқұлов әйелдерге гүлді сыйлаудың таптырмас екі нұсқасын ұсынған.

"Біріншісі, гүлді себепсіз, тосыннан сыйлау керек. Екіншісі, сіз бір тал гүл сыйласаңыз да немесе 101 гүл сыйласаңыз да әйелдердің эмоциясы бірдей болады. Бұл менің емес, ғалымдардың сөзі", - деді өнер иесі Instagram парақшасында.

Айта кетейік, осыған дейін актер отбасын сақтау үшін әйелдердің ішіндегі шерін тарқатуға рұқсат беру керектігін айтып, ер-азаматтарға кеңес берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1994312-dauren-aidarqulov-otbasynda-zibergen-qateligin-bolisti-video/

pixel