"Үлкен қайғыны бастан кешірдік": Апалы-сіңлілі Гүлбаушан мен Қаракөз Тілеубековалар сахнадан неге көрінбей кетті (видео)

Опубликовано:

Гүлбаушан және Қаракөз Тілеубековалар
Гүлбаушан және Қаракөз Тілеубековалар. Фото: "1001 түн" бағдарламасы

Әзіл-cықақ театрының актрисалары апалы-сіңлілі Гүлбаушан және Қаракөз Тілеубекова өнер әлемінен неге алыстап кеткенін айтты. Өнерпаздар "1001 түн" бағдарламасында жақын адамынан айырылғандықтан, ел алдына шығуға зауқы соқпағанын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Біріншіден, телеарналар Астанаға көшпей тұрып, түсірілімге баратын едік. Қазір Астанаға ұшақпен барып келудің өзі маған қиын. Мен ұшақтан қатты қорқамын. Ұшаққа отырсам сөйлемеймін, күлмеймін, ас ішпеймін. Бір қорқыныш пайда болды.

Ал Гүлбаушанға кейде ұрысамын. "Неге шақырған жерге бармайсың?" деп. Айтқанынан қайтпайтын мінезі бар", - деді Қаракөз Тілеубекова.

Гүлбаушан Тілеубекова болса, сіңлісі екеуінің сахнадан көрінбеуіне отбасында орын алған қайғылы оқиғаның себеп болғанын жеткізді.

"Басында бұл ссұраққа жауап бермеймін деп ойлағанмын. Бірақ бәрі сұрағаннан кейін айтайын деп отырмын. Өзімнің 50 жылдық мерейтойымды атап өткеннен кейін аяқ астынан туған апам қайтыс болды. Ойламаған жерден, бір күнде төбемнен жай түскендей болды. Содан кейін шығармашылыққа келу де қиын болды. Соғысқа баратындай күй кештім. Өзімді қамшылап барып, киноға түстім. Арасында отбасылық мәселелер де шығып қалып жатты.

Қаракөз екеуміздің шықпай жүргеніміздің тағы бір себебі, жақында тағы үлкен қайғыны басан кешірдік. Бес айдай болды, қатты жақсы көретін туған бауырымыздан айырылдық", - деді Гүлбаушан Тілеубекова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1995160-apaly-sinlili-aktrisalar-gulbausan-men-qarakoz-tileubekovalar-saxnadan-nege-korinbei-ketkenin-aitty-video/