Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сақал қойған Димаш Құдайберген тыңдармандарының қызу талқысына түсті (видео)

Опубликовано:

Димаш Құдайберген
Димаш Құдайберген. Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

Танымал әнші Димаш Құдайберген Instagram парақшасында жаңа образбен видео жариялады. Алайда әншінің сақалды бейнесін тыңдармандарының кейбірі ұнатпаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Димаш достарымен уақыт өткізген сәтін желіге жүктеген. Айта кетейік, ойын клубында отырған әншінің достарының арасында Артур Төлепов те бар.

"Туған жерім Қазақстанға, Алматыға келдім. Сендерге менімен ойын ойнауға әлі ерте. UFC дойбы емес", - деді Димаш Құдайберген.

Видеодан әншінің сақал қойғанын аңғаруға болады. Желі қолданушылары сүйікті әншісінің жаңа келбетіне түрлі пікір жазған. Олардың бірі әншінің жаңа образын ұнатса, екіншілері Димашқа сақалын алуға кеңес берген.

"Димаштың сақал қойғанын бірінші рет көріп тұрмын", "Сақал келбетіңе жараспайды. Алып тастағаныңыз дұрыс", "Ыңғайсыз көрінеді, бірақ жарасымды", "Сізге сақал-мұрт өсірмеген дұрыс секілді", - деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1995976-saqal-qoigan-dimas-qudaibergen-tyndarmandarynyn-qyzu-talqysyna-tusti-video/

pixel