Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Италиялық сақина, бренд сөмке": Төреғалидің анасы жаңа құдаларына шетелден киіт кигізді (видео)

Жарияланған күні:

Дина Төреәлі
Дина Төреәлі. Фото: instagram.com/farizatoreali

Отандық әнші Төреғали Төреәлінің шаңырағында бірнеше күннен бері дүбірлі той өтіп жатыр. Әртістің отбасында кенже қарындасына сырға салынып, құдалығы өтті. Төреғалидің анасы су жаңа құдаларына шетелден алдырған киіт кигізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл жайлы Төреғалидің үлкен қарындасы Фариза Төреәлі Instagram парақшасында жариялады.

"Бәріне осы дәстүр қызық екенін білемін", - деп жазды әншінің қарындасы Фариза.

Ал күйеу балаға төс тарту Төреғалидің келіншегіне бұйырған.

Ол видеода "Қазір жаңа күйеу жігіттің мырзалығын көретін боламыз", - дейді қолына табақ ұстаған әншінің келіншегі.

Видеода Төреғалидің анасы құдаларға кигізген әр заттың шетелден алынғаны айтады.

"Стамбул қаласына барған болатынбыз. "Қызымның дүниесін сол жақтанә келсем" деген ниетім бар еді", - дейді әншінің анасы.

Видеодағы дауыстан құдаларға жағалы пальто, Аида Қауменованың дизайнерлік қамзолы, бренд сөмкелер, итальяндық алтын сақиналар тағылғанын байқауға болады.

Естеріңізге сала кетейік, күні кеше Төреғали Төреәлінің кенже қарындасына сырға салынған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1996431-italiyalyq-saqina-brend-somke-toregalidin-anasy-zana-qudalaryna-setelden-kiit-kigizdi-video/