Төреғали Төреәлінің кенже қарындасына сырға салды (видео)

Опубликовано:

Дина Төреәлі
Дина Төреәлі. Фото: instagram.com/kaz.stars

Төреғали Төреәлінің кенже қарындасы осыдан бірнеше күн бұрын сүйіктісімен мұсылманша неке қидырды. Ал кеше Дина Төреәліге сырға салынып, әншінің отбасы құда күтті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Төреғалидің қарындасының сырға салу салтанатына дайындығы kaz.stars Instagram парақшасында жарияланды.

Видеодан салтанатты шараға қызу дайындық барысын көруге болады. Ал әншінің қарындасы қазақы нақышта киінген. Сырға салуға орай жасыл түстен арнайы фотоаймақ орналастырылған. Сондай-ақ видеодан аста-төк дастархан мен құда күткен адамдарды көруге болады.

Естеріңізге сала кетейік, Дина Төреәлі бірнеше күн бұрын сүйіктісімен мұсылманша неке қидырды.

Ал күні кеше Төреғалидің кенже қарындасы үнді стилінде hen party өткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1996243-toregali-torealinin-kenze-qaryndasyna-syrga-saldy-video/