Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тас түскен жеріне ауыр": Жұлдыз Әбдікәрімова күйеуі қайтыс болған Ләйлә Сұлтанқызына қолдау білдірді

Опубликовано:

Жұлдыз Әбдікәрімова мен Ләйлә Сұлтанқызы жұбайларымен
Жұлдыз Әбдікәрімова мен Ләйлә Сұлтанқызы жұбайларымен. Фото: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова күйеуі қайтыс болған Ләйлә Сұлтанқызына қолдау білдірді. Ол Қайрат Беркімбаевтың қандай адам болғанын еске алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Жақсының жақсылығын айту - парыз. Қайрат Шерәліұлымен талай қуанышымызды бөлісіп, қонақ та болған едік. Қайратты "інім" деп жақын тартып, отбасымызбен аралас-құралас болдық. Істің адамы екені сөйлеген сөзінен-ақ байқалатын.

Қайбір жылдары “Оқжетпес”-ке барғанымызда қызметкерлері “Қайрат Шерәліұлы келгелі орталығымызға жан бітіп, айлығымыз өсіп, туристерді тартар мерекелік іс-шаралар қатары көбейді. Оқжетпеске кәдімгідей жан бітті” деп мақтаған еді.

Қамсыз көңіл айналамыздағы асыл жандармен осылай тез қош айтысарын білсеші! Шаңырақтың тірегі ғана емес, айналасына шапағаты тиген мәрт азамат еді. Қайрат аға, бақұл болыңыз. Жаныңыз жәннат төрінен орын алсын", - деді Әбдікәрімова.

Сонымен қатар Әбдікәрімова Ләйлә Сұлтанқызына сабыр тілеп, басу айтты.

"Ләйлә Сұлтанқызы, сіздің сыртқы сұлулығыңызды көпшілік білгенмен, іштегі мықтылығыңызды бірі ғана біледі. Құдай тек көтере алатын сынақ береді. Бекем болыңыз!

Талай сынақтан өттіңіз, бұл сынды да қайыспай көтеріп алып шығасыз деген сенімдемін. Алла күш-қуат берсін, тас түскен жеріне ауыр. Жаныңыздамыз", - деп жазды Қайрат Нұртастың жұбайы Instagram парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Ләйлә Сұлтанқызының жұбайы Қайрат Беркінбаевтың қайтыс болғаны белгілі болды.

Кейінірек Айгүл Мүкей Ләйлә Сұлтанқызының өмірден өткен күйеуі жайлы естеліктерін бөлісті.

"Оқ-жетпес" емдеу-сауықтыру кешенінің президенті Қайрат Беркінбаевтың өмірден өтуіне байланысты денсаулық сақтау министрлігі оның туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1996517-tas-tusken-zerine-auyr-zuldyz-abdikarimova-kuieui-qaitys-bolgan-laila-sultanqyzyna-qoldau-bildirdi/

pixel