"Сені ұзақ іздедім": Ернар Садырбаев жазбасымен көпшілікті қызықтырып қойды

Опубликовано:

Ернар Садырбаев
Ернар Садырбаев. Фото: instagram.com/amre_official

Amre лақап атымен танымал отандық әнші Ернар Садырбаев әлеуметтік желіде сезімге толы жазбасымен көпшілікті қызықтырып қойды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Білесің бе, сен менің қалауымдағы жансың. Мен сені ұзақ іздедім, жаным. Сен менің ерекшемсің", - деп жазды Ернар Садырбаев Instagram парақшасында.

Желі қолданушылары бойдақ әншіні өз сүйгенін жолықтырды деп топшылаған.

"Өмірлік жарыңызды жолықтырған сияқтысыз", "Ол қыз кім болды екен?", "Махаббатыңызды жолықтырдыңыз ба?", "Жаңа өлең жолдары ма?".

"Қымбатты, Ернар! Өмір тез өтеді. Отбасын құрып, бала сүйетін уақыт келді", - деп жазды желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1996607-seni-uzaq-izdedim-ernar-sadyrbaev-zazbasymen-kopsilikti-qyzyqtyryp-qoidy/