Тәуекел Мүсілім әйелі мен ұлын перзентханадан шығарып алды (видео)
Жарияланған күні:
Отандық актер Тәуекел Мүсілім екінші рет әке атанды. Өнер иесі әйелі мен ұлын перзентханадан шығарып алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Сондай-ақ актер Instagram парақшасында екінші баласына Әмір деген есімді таңдағанын айтты.
"Бүгін Махаббат пен Әмірді перзентханадан шығарып алдық. Аллаға шүкір, бәрі жақсы. Айтөре інісін жылы қабыл алды. Келген достарыма көп рахмет", - деп жазды Тәуекел Мүсілім.
Актер әйелі мен нәрестені құшақ толы гүлмен, шармен және алып қуыршақтармен күтіп алған.
Желі қолданушылары Тәуекел Мүсілімнің отбасылық қуанышына ортақтасып, ақ тілектерін жаудырған.
"Бақытты болыңыздар", "Бауы берік болсын", "Ең керемет есім таңдапсыз", "Қазақтың жақсы бір отбасы аман болсын", - деп жазды желідегілер.
Естеріңізге сала кетейік, актер Тәуекел Мүсілім жақында екінші рет әке атанып, жаңа туған ұлын көпшілікке көрсеткен болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1996991-tauekel-musilim-aieli-men-ulyn-perzentxanadan-sygaryp-aldy-video/