Тәуекел Мүсілім жаңа туған ұлын көрсетті (фото)

Опубликовано:

Тәуекел Мүсілім
Тәуекел Мүсілім. Фото: instagram.com/mussilim

Отандық актер Тәуекел Мүсілім күні кеше екінші рет әке атанды. Ол Instagram желісінде жаңа туған ұлын көрсетіп, әйелі мен баласының жағдайын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тәуекел Мүсілім әлеуметтік желіде дос-жарандарының құттықтауымен бөліскен. Осы жазбалар арасында актер екінші ұлының да суретін жариялады.

Актердің айтуынша, қазір жұбайы Махаббат пен ұлының денсаулығы жақсы.

"Махаббат пен баланың жағдайы жақсы. Жарайсың, Махаббат! Бұрын менде бір қозғалтқыш еді. Енді менде турбо-қозғалтқыш. Жұмысқа ынтам артты", - деп жазды Тәуекел Мүсілім.

Естеріңізге сала кетейік, Тәуекел Мүсілімнің отбасы кеше жаңа адаммен толықты. Актердің жұбайы Махаббат оған тағы бір ұл сыйлады. Өнер иесінің тұңғышы да ұл бала. Тәуекел Мүсілімнің екінші рет әке атанғанын әйелі Махаббат әлеуметтік желіде жариялады.

Тәуекел осыған дейін өз әкесі жайлы еске алып, бала кезінде өзі сезіне алмаған сезімді балаларына бергісі келетінін айтқан болатын.

Тәуекел Мүсілім жаңа туған ұлымен
Тәуекел Мүсілім жаңа туған ұлымен. Фото: instagram.com/mussilim

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1996326-tauekel-musilim-zana-tugan-ulyn-korsetti-foto/