Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуіне жантебірентерлік жазба арнады (видео)

Опубликовано:

Ләйлә Сұлтанқызы отбасымен
Ләйлә Сұлтанқызы отбасымен. Фото: tiktok.com/@laila_sultankyzy

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының жақында жұбайы Қайрат Беркімбаев өмірден өтті. Ол күйеуімен соңғы көріскен сәтін еске алып, оған жантебірентерлік жазба арнады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Сұлтанқызының айтуынша, ол жұбайы өмірден өтер алдын екі ұлын алып, Түркия еліне саяхатқа аттанған.

"Сенсіз өткен бір жұма. Алланың әміріне қарсы тұра алмаймын, білем. "Қабылда, әрі қарай ұмтыл" дейсіздер. Бірақ ойылып қалған жүрегімнің орны ойсырап тұрғанда, қалай әрі қарай ұмтыламын?!

Соңғы жүздесуіміз Стамбұлға барар алдын еді. "Ләйлә балаларды алып 3-4 күнге болса да барып келіңдер. Мен жұмыстан босамаймын. Балалар бір демалып келсін" деп ерекше еміреніп, шығарып салып еді. Әдетте Қайрат сезімге берілмейтін. Сол күні балаларын қайта-қайта сүйіп, жүктеріне дейін көтеріп, қол бұлғап ұзақ тұрды.

Демалыстан елге ұшар алдын да қайта-қайта хабарласып, амандығымызды сұрап, үйде күтетінін айтты. Әдетте "адам алдын ала сезеді" деуші еді. Сезді ме, білмеймін. Сап-сау серігімнің жүрегі бір сәтте тоқтады да қалды. 16 жыл, 210 ай, 7305 күн жанымда болғаның үшін, жадымдағы әр сәт үшін саған алғысымды білдіремін. Сен сияқты мені ешкім еркелетіп, сен сияқты мені ешкім түсінген емес. Енді бұл жолы сен туралы жиі айтуыма қарсы болмассың", - деді Ләйлә Сұлтанқызы.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Ләйлә Сұлтанқызының жұбайы Қайрат Беркінбаевтың қайтыс болғаны белгілі болды.

Кейінірек Айгүл Мүкей Ләйлә Сұлтанқызының өмірден өткен күйеуі жайлы естеліктерін бөлісті.

"Оқ-жетпес" емдеу-сауықтыру кешенінің президенті Қайрат Беркінбаевтың өмірден өтуіне байланысты денсаулық сақтау министрлігі оның туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1997170-laila-sultanqyzy-marqum-kuieuine-zantebirenterlik-zazba-arnady-video/