Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Серік Ибрагимов анасы жайлы: Жақсы көретінімді үнемі айтып отырамын (видео)

Опубликовано:

Серік Ибрагимов анасымен
Серік Ибрагимов анасымен. Фото: instagram.com/ibragimovserik

Отандық әнші Серік Ибрагимов алғаш рет анасы жайлы айтты. Өнер иесі "Жақсы адамдарым" бағдарламасында туған жеріне барып, анасының жанында бірнеше күн аунап-қунап қайтатынын жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Әкем мен анамды Астанаға алдырған болатынбыз. Анашым қарапайым жан. Балалары мен немерелерінің амандығын тілеп отырады. Ештеңеге араласпайды. Біреулер анасымен сағаттап сөйлессе, менің анамның сөйлескені бір минутқа жетпейді. "Аман бол, бар бол. Сағынам ғой енді. Бірақ телефонмен не айта беремін?" деп тұтқаны қоя салады. Баласы болғаннан кейін жүрегіндегі махаббатын сезіп тұрамыз ғой.

Кім анасын жақсы көрмейді? Анамды өте қатты жақсы көремін. Анам үшін ауылға барып, иісін иіскеп, маңдайынан сүйіп, жанына еркелеп жатып аламын. Уақытым болса, анамның қасына кетіп қаламын.

"Ата-ананың қадірін балалы болғанда білесің" дейді. Біз үшін бәріне дайын болатын қымбат жандар үшін неге аз ғана уақыт тауып, қас-қабағына қарамасқа? Жақсы көретінімді үнемі айтып отырамын. Құшақтап, сүйіп, еркелеп, сол кісілерге қызмет ету керек деп ойлаймын", - деді Серік Ибрагимов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1997204-ansi-serik-ibragimov-anasy-zaily-zaqsy-koretinimdi-unemi-aityp-otyramyn-video/

pixel