Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күйеуінен ажырасқан Рано Умарова қайта тұрмысқа шығуға қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Рано Умарова
Рано Умарова. Фото: instagram.com/ranosha_umarova

Әнші әрі актриса Рано Умарова ажырасудан кейін қайта тұрмысқа шығуға қатысты пікір білдірді. Өнер иесі сәтсіз некесінен кейін бойында күмән мен сенімсіздік басым екенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Желі қолданушыларының бірі Instagram желісінде әншіден екінші рет тұрмысқа шығуға қалай қарайтынын сұраған.

Ал Умарова қайта тұрмысқа шығуға қазір асықпайтынын жеткізді.

"Әзірге білмеймін. Сәтсіз некеден кейін сенімсіздік пен қорқынышым басым. Мен қазір қайта тұрмысқа шығуға асықпаймын. Бәрі өз уақытымен. Әрине мен дайын болғанда бақыт пен сыйластықтан, сенімнен құралған отбасы құрғым келеді", - деді актриса.

Сонымен қатар Рано Умарова болашақ жұбайын қалай елестететінін де айтты.

"Мен оның психологиялық тұрғыда ересек адам болғанын қалаймын. Бала немесе ата-ана күйін ұстанған ересек адам емес, отбасы құруға дайын азамат болғанын қалаймын. Шаңырақ көтергеннен кейін өзінен құрбан жасайтын немесе екінші жартысына қиянат жасайтын адам емес, керісінше адекватты адам болса деймін. Ал ең бастысы - мені сүюі қажет. Сонда ғана адам екінші біреуді сол қалпымен қабылдай алады, өзгертуге тырыспайды", - деді Рано Умарова.

Естеріңізге сала кетейік, Рано Умарова ажырасқаннан кейін өзін жоғалтып алғанын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1997224-kuieuinen-azyrasqan-rano-umarova-qaita-turmysqa-syguga-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel