Блогер Иманбек жайлы: Жұрт оның кім екенін ойланып жүргенде, ол өз жұмысын атқаруда (видео)

Опубликовано:

Иманбек
Иманбек. Фото: instagram.com/imanbekmusic

Блогер Иван Червинский alga.peterburg Instagram парақшасында қазақстандық музыкант Иманбек жайлы видео жариялады. Ол Иманбектің шетелдік жұлдыздармен жұмыс жасап үлгергенін тілге тиек етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Блогердің айтуынша, ол әдетте Иманбектің әуендерін тыңдайды. Иван Червинский желіге жүктеген видеосында қазақстандық музыканттың осы уақытқа дейін талай әлемдік жұлдыздармен жұмыс жасағанын айтты.

"Иманбек әлемнің түпкір-түпкіріндегі жұлдыздармен жұмыс жасауда. Тіпті Шон Пол оның атын әніне қосты. Иманбек - Грэмми премиясының иегері. Сонымен қатар ол Дуа Липа, Селена Гомес, Ариана Гранде, Қайрат Нұртас, Роза Рымбаева, Дитер Боленмен жұмыс жасады.

Жақында оның әлемдік турнесі аяқталды. Ол телехикаяға түсті. Ал қаңтарда оны Үндістанда күтіп отыр.

Мұнымен не айтқым келді? Кейбіреулер Иманбектің кім екенін ойланып жүргенде, ол өз жұмысын атқаруда. Әрине, бұл тек таңданыс туғызады. Жарайсың, Иманбек! Осы қалпыңнан тайма!", - деді блогер.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың 15 наурызында Иманбек Зейкеновтің Roses әніне ремиксі "Грэмми" марапатын алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1997425-bloger-imanbek-zaily-zurt-onyn-kim-ekenin-oilanyp-zurgende-ol-oz-zumysyn-atqaryp-zur-video/