Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Иманбек Roses ремиксі үшін тағы бір марапатқа ие болды

Опубликовано:

Иманбек
Иманбек. Фото: instagram.com/imanbekmusic

Қазақстандық танымал музыкант Иманбек Зейкенов (Imanbek) Roses ремиксі үшін тағы бір марапатқа ие болды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл қуанышты жаңалықты жас өнерпаздың өзі Instagram парақшасында жеткізген. Иманбек жүлделі болғанын бірден жанкүйерлерімен бөлісуді жөн көрген.

"Billboard Awards марапатын алдым, бұл Грэмми +1 сияқты", - деп жазды Imanbek.

Желі қолданушылары диджейді шын жүректен құттықтап, оған өз ақ тілектерін жолдады. Олар Иманбектің өнеріне жоғары бағасын беріп, болашақта шығармашылығына тек табыс пен сәттілік тіледі.

Billboard Music Award - америкалық басылым Billboard музыкалық чарттардағы өнерпаздардың ерекше жетістігі үшін беретін музыкалық сыйлық.

Еске салайық, 15 наурызда Иманбек Зейкеновтің Roses әніне ремиксі "Грэмми" марапатын алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1914041-imanbek-roses-remiksi-usin-tagy-bir-marapatqa-ie-boldy/

pixel