Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Блогер Айжан Байзақова күйеуімен қалай танысқанын айтты (фото)

Опубликовано:

Айжан Байзақова
Айжан Байзақова. Фото: instagram.com/bayzakova

Жақында тұрмысқа шыққан блогер Айжан Байзақова күйеуімен алғаш рет қалай танысқанын айтып берді. Ол жарын алғашында құрбысы ұнатқанын жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Instagram қолданушыларының бірі Байзақованың күйеуімен қалай танысқанын және отбасында кімнің жасы үлкен екенін білгісі келген.

"Бізді караокеде таныстырды. Ол өте тұйық болатын. Мен оның болашақ күйеуім болатынын ойлаған да емеспін. Тіпті сол күні ол менің құрбыма ұнаған болатын. Оның да, менің де басым бос болғандықтан, ол "Жүр, тамақтанып қайтайық" деді. Біз еш жасандылықсыз, достар секілді сөйлесетінбіз. Мен кімнің маған көңіл білдіріп жүргенін айтатынмын. Ол да қыздары жайлы айтты. Мүмін, осы шынайылығымыз бізді байланыстырған шығар", - деп еске алды Байзақова.

Сондай-ақ блогер достық қатынастарының қалай және қашан өзгергенін де бүкпесіз айтып берді.

"Ал кейін, 24 қыркүйекте біз бір-бірімізді сүйіп алдық. Сосын "Сұмдық, біз аға мен қарындастай болып кеткен адамдармыз ғой" деп шошыдық. Сода кейін кездесу, гүл, романтикалық кешке жалғасты. Айтпақшы, оның жасы менен үлкен", - деді Байзақова.

Байзақова
Байзақова. Фото: www.instagram.com/bayzakova

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1997727-bloger-aizan-baizaqova-kuieuimen-qalai-tanysqanyn-aitty-foto/

pixel