Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жансақтау бөліміне түскен Жүрсін Ерман денсаулығы жақсарып, үйіне шықты (фото, видео)

Опубликовано:

Жүрсін Ерман
Жүрсін Ерман. Фото: instagram.com/zhursin_yerman

Осыдан біраз уақыт бұрын желіде ақын, айтыс ұйымдастырушысы Жүрсін Ерманның жансақтау бөліміне түскені жайлы ақпарат тараған болатын. Ақынның денсаулығы жақсарып, үйіне шыққанын әнші Төреғали Төреәлі мен айтыскер Марат Ахметов әлеуметтік желіде жариялады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Осыған дейін Жүрсін Ерманның қызы әкесінің жағдайы туралы баяндаған болатын.

Ардақ Жүрсінқызының айтуынша, ақын жансақтау бөліміне түспес денсаулығы сыр берген. Себебі осыдан төрт-бес ай бұрын Жүрсін Ерман оң аяғының тізесіндегі көк тамырға протез салдырған. Алайда протезді ағзасы қабылдамай, оның айналасы іріңдей бастаған.

Артынша сол ірің қанға түсіп, ақынның дене қызуы көтерілгеннен талмасы ұстаған. Ол есінен танғаннан кейін бір күн ішінде тыныс алу аппаратына таңылады.

Ал бүгін айтыскер Марат Ахметов айтыстағы ұстазы Жүрсін Ерманның үйіне сауығып шыққанын айтып, жақсы жаңалықты Instagram желісінде көпшілікпен бөлісті.

"Жүрсін Ерман ұстазымыз ауруханадан сауығып шықты. "Құдай көптің тілегін қабыл етті" деп білемін. Ағайдың шаңырағында бүгін бір керемет қуанышты күн болды. Бақытжамал апамыздың шәйін ішіп, Жүрсін ағайдың батасын алып қайттық", - деп жазды айтыскер.

Ал әнші Төреғали Төреәлі Жүрсін Ерманның шаңырағында түскен видеоны желіге жүктеді.

"Әкеміздің бойынан әл кеткен жоқ", - деп жазып қойды әнші Instagram парақшасында.

Ақындар желіге жүктеген сурет пен видеодан дастарқан басында ақындармен бірге отырған Жүрсін Ерманды көруге болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1997743-zansaqtau-bolimine-tusken-zursin-erman-densaulygy-zaqsaryp-uiine-syqty-foto-video/

pixel