Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық әншіге тойда қарт әжей бағалы сыйлық табыстады (видео)

Жарияланған күні:

Наркенже Серікбаева
Наркенже Серікбаева. Фото: instagram.com/narkenjeserikbaeva

Осыдан біраз уақыт бұрын продюсер Гүлзира Айдарбековадан бриллиант сырға-жүзік таққан отандық әнші Наркенже Серікбаева үнемі халық ықыласына бөленіп жүретінін жасырған емес. Ол бірде өзбек елінде қошеметке бөленгенін көрсетсе, осы жолы көпшілікке қарт әжейден сыйлық алғанын Instagram парақшасында айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеодан отандық әншіге қарияның жүзік тағып, батасын бергенін көруге болады.

"Ақ жаулықты анамыз ақ жүрегімен, ақ тілегімен сыйлығын берді. "Осындай аналардың жолын жалғайын" деп басыма орамал тақтым. Саналы түрде, жүрек қалауыммен осы шешімге келдім. Бес уақытымды түгендеп, анама жақсылық жасап, туыстарыма қарасып, елге әнімді, тағылымды термемді арнап жүрсем болғаны. Басқа арманым жоқ", - деп жазды Наркенже Серікбаеваның өзі.

Естеріңізге сала кетейік, отандық әнші Қайрат Нұртастың әкесінің туған күнінде ән айтып, Гүлзира Айдарбековадан сыйлыққа бриллиант сырға-жүзік алған болатын.

Ал кейінірек әншіге Өзбекстанда шапан жабылып, зор құрмет көрсетілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1997986-otandyq-ansige-toida-qart-azei-bagaly-syilyq-tabystady-video/