Гүлнұр Мамасарипова әлі күнге ата-енесіне сәлем салатынын айтты (видео)
Жарияланған күні:
Продюсер Гүлнұр Мамасарипова 18 жасында өз өңіріне тұрмысқа шыққан. Режиссер "Менің өмірім" бағдарламасында әлі күнге ата-енесіне сәлем салатынын айтып, жан сырын ақтарды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Оңтүстіктің, Жетісайдың тумасымын. Сол ауылға келін болдым. 18 жасымда тұрмысқа шықтым, сәлемімді салдым. Әлі күнге сәлем саламын. "Елуге келетін болдым" деп ойлағанмен, ата-енеме барғанда көліктен орамал тағып түсемін.
Таңертең оянғанда міндетті түрде сәлем саламын. Кейде "Сен енді сәлем салмай-ақ қой" деп айтады. Бірақ өзім ыңғайсызданамын", - деді Гүлнұр Мамасарипова.
Сондай-ақ продюсер алғаш келін болып түскенде басынан өткен қызық оқиғасын айтып берді.
"Апамның қолында жүргенде, апам үнемі жілік беретін. Сүйекті жақсы көретінмін. Қанша ағаларым отырса да, маған ұстататын. Келін болып түскен кезде қызық болған. Дастарқан басында үлкен кісілердің бәріне сүйек таратып беріп, маған сүйек тимей қалды. "Мен де бұл үйге қонақпын ғой" деп ойлап, жылағым кеп төмен қарап отырдым. Мен кемпірдің қызы болсам да, апам қазақылық үйретпепті. Сол сүйекті жегім келіп, табақтағы жамбас сүйекке қарап отырмын.
Сол әулеттің үлкені менің табаққа қарап отырғанымды байқап қойды-ау, "Балам" деп кішкене кесіп берді. Мұндай уақытта келін сәлем салуы керек екен. Мен оны білмей, жілікті алып бірден жей бастадым. Мені "Тұрып сәлем бер" деп нұқып қалды. Мен не істерімді білмей, ашығын сұрадым. Сөйтсем, үлкен кісілер сыбаға бергенде сәлем салу керек екен. Содан кейін барып сәлем салдым.
Қазір қайын жұрттың бәрі менің сүйек жақсы көретінімді біледі, маған береді. Жолдасым да өзі жемей, "Сен жеші" деп маған береді. Сүйек мүжу бала кезден қалып қойған әдет", - деді Гүлнұр Мамасарипова.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1998174-gulnur-mamasaripova-ali-kunge-ata-enesine-salem-salatynyn-aitty-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.