Фотосессия жасаған Рано Умарова көпшілікті сұлулығымен тамсандырды (видео)
Жарияланған күні:
Отандық әнші Рано Умарова ашық көйлекпен фотосессия жасап, желі қолданушыларын сұлулығымен таңдандырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Әнші жаңа фотосессия барысын Instagram желісінде жариялады.
"Әйтеуір керемет фотосессия жасадық", - деп жазды Умарова.
Ал кадрде өнер иесімен бірге Әсел Талассан болған.
Желі қолданушылары жылтырақ көйлегінің әншіге өте жарасымды екенін айтып, сұлулығына тамсанды.
"Өте керемет", "Сұлусыз", "Өте сүйкімдісіз", - деп жазды желідегілер.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Рано Умарова екінші рет тұрмыс құруға қатысты пікір білдірген болатын. Әнші болашақ күйеуіне қандай талаптар қоятынын да жасырмай айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1999692-fotosessiya-zasagan-rano-umarova-kopsilikti-sululygymen-tamsandyrdy-video/