Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Серік Ибрагимов сахнаға неге саксафонсыз шығып жүр (видео)

Опубликовано:

Серік Ибрагимов
Серік Ибрагимов. Фото: "Түнгі студия" бағдарламасы

Әнші Серік Ибрагимов көпшілікке саксафонымен танылды. Алайда бүгінгі таңда әнші бұл музыкалық аспабымен көпшілік алдына шықпайтын болған. "Түнгі студия" бағдарламасына қонаққа келген өнер иесі саксафонды сахнаға алып шықпау себебін түсіндірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Желтоқсан айында Алматыда өтетін кешімде саксафонмен және басқа музыкалық аспаптармен таныстырамын. Көрермендердің көбісі осыны сұрайды. Концертіме келіңіздер, сол жақта көрсетемін.

Сондықтан сағынып, сағынысып көрісу үшін сақтап жүрмін. Мен өзі сол кларнет сыныбын бітіргем", - деді Серік Ибрагимов.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Серік Ибрагимов алғаш рет анасы жайлы айтты. Әнші туған жеріне барып, анасының жанында бірнеше күн аунап-қунап қайтатынын жасырмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1999927-serik-ibragimov-saxnaga-nege-saksafonsyz-sygyp-zur-video/