Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал бьюти блогер Айым Алтынбекова хиджаб киді (видео)

Опубликовано:

Айым Алтынбекова
Айым Алтынбекова. Фото: instagram.com/aeka.posh

Бет әрлеумен айналысатын блогер Айым Алтынбекова хиджаб киді. Көпшілікке aeka.posh есімімен танымал блогер бұл жайлы Instagram парақшасында мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Менің алғашқы суретім. Баршаңызға қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғыс, Алла разы болсын! Бұл саналы түрде жасаған қадамым. Енді менің өмірімде көп нәрсе өзгереді деп ойлаймын. Асықпаймын, бәрі өз уақытымен болады.

Мені талқыға салып, артық сөз жазбаңыз. Кеңес беруден де өздеріңізді тыйсаңыздар екен. Менің ұстазым және ұзақ жылдардан бері намаз оқып келе жатқан анам бар. Өз парақшамды толықтай өзгертемін және сіздерге парақшам пайдалы болады деп сенемін", - деп жазды Айым Алтынбекова.

Ал желі қолданушыларының бірі блогерді қолдаса, екіншілері иманның жүректе екенін айтуда.

"Бұл қадам көбінің қолынан келе бермейді", "Ниетіңіз қабыл болсын. Дін жүректе болу керек, киімде, сақалда емес. Намаз оқу парыз. Алайда оны ешкімге жарияламасаңыз да болады. Қазақ ешқашан асыра діншілдікті қолданбаған .Ұлттық салт-дәстүрге негізделген қазақы исламды қолдансаңыз болды".

"Хиджабсыз да Құдайға сенуге болады", "Енді ескі суреттеріңіздің бәрін өшіруге тура келеді", "Ниетіңіз қабыл болсын", - деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2000326-tanymal-byuti-bloger-aiym-altynbekova-xidzab-kidi-video/

pixel