Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Хайп қуып кетті": Нұрболат Абдуллин өзін сынаған блогерге жауап қайтарды (фото)

Опубликовано:

Нұрболат Абдуллин
Нұрболат Абдуллин. Фото: instagram.com/nurbullin

Әнші Нұрболат Абдуллин қазіргі таңда еліміздің әр қаласында жеке кешін өткізуде. Әншінің Тараз қаласында өткен концертінен кейін блогер Мөлдір Анарбаева Нұрболат Абдуллинді "кербез" деп атаған. Ал әншінің өзі әлеуметтік желіде осы жағдайда қайта-қайта пікірге жазған оқырмандарының біріне жауап қайтарды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Оқырмандардың бірі әншінің сахнада кішкентай балаға бір бұрылып қарамағанын сынға алған.

"Мөлдір Анарбаеваның баласы Таразда сенімен бірге сахнада билегенде, көзіңнің қиығымен қарамадың ғой. Бір басыңды бұрсаң, кішірейіп қаласың ба?", - деп пікір қалдырған оқырман.

Ал Нұрболат Абдуллин ол кеште оғаш қылық көрсетпегенін алға тартты.

"Блогер ханым негізі хайп қуып жіберді. Олардың әдеті. Концерттен кейін келді, суретке түсті. Мәз-мейрам болып кетті негізі. Кейін басқаша әңгіме айтылыпты. Жалпы сахнада мен бір адаммен емес, барлығымен жұмыс жасаймын. Кімнің баласы болса да, оғаш қылық көрсеткенім жоқ. Келді, биледі, кетті. Ұрған жоқпын, ұрысқан жоқпын.

Негізі сахнада әртіспен жағаласу мәдениетке жатпайтынын біле жүріңіз. Тіпті гүл берудің де өз мәдениеті бар. Мен өз позициямды ұстадым. Сондықтан ара-жігін ажыратып барып сөйлегеніңіз дұрыс", - деді әнші.

Сондай-ақ әнші Instagram желісінде өзінің бар болмысы осы екенін айтты.

"Менің бар болмысым осы. Біреуге ұнағаныңмен, бәріне емес. Біреу жақсы көргенімен, біреу жамандап отырады. Мұндайды осы сапарда тағы көрдім. Ең дұрысы, өзіңмен-өзің болу", - деді Нұрболат Абдуллин.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін блогер Мөлдір Анарбаева әншінің Тараздағы концертіннен кейін әншіні "Кербезденіп қалған" деп айыптаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2000471-xaip-quyp-ziberdi-nurbolat-abdullin-ozin-synagan-blogerge-zauap-qaitardy-foto/

pixel