Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ләйлә Сұлтанқызы қос ұлының марқұм әкесіне құран бағыштап үйренгенін айтты

Опубликовано:

Ләйлә Сұлтанқызы отбасымен
Ләйлә Сұлтанқызы отбасымен. Фото: instagram.com/sultankyzy

Ләйлә Сұлтанқызы қос ұлының марқұм күйеуіне құран бағыштап үйренгенін айтты. Жақында ғана ота жасатқан тележүргізуші тұңғышының әке орнына ас қайырып жүргенін де жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл жайлы Ләйлә Сұлтанқызы Instagram парақшасында жариялады.

"Әкесінің орнына үлкенім ас қайырады. Екеуі күнделікті құран бағыштап, алақан жайып жүр. Сардарым біраз уақыт "Фатиха" сүресін жаттай алмай жүр еді. Апасы келіп, жақсы жаттапты.

"Шын мәнінде, кей мұсылманның жәннаттағы дәрежесі көтеріліп, биіктей түседі. "Не үшін?" деп сұрағанда, оған "Сенің балаң сен үшін кешірім сұрады" деп жауап береді". Имандарыңыз жүректеріңізде берік болсын. Тілеген әр дұғаларыңыз қабыл бола берсін", - деп жазды тележүргізуші.

Ал желі қолданушылары өмірден өткен адамға ұрпағының бағыштаған құранының маңыздылығын атап өтті.

"Балаларының дұғасы қабыл болсын", "Иманды болсын", "Артында қалған ұрпақтарына Алла ғұмыр берсін", "Орнында бар оңалар. Алланың ісіне еш шара жоқ. Балаларының құран үйреніп, оқып жүргендері қандай жақсы?! Енді ол кісіге тек ұрпағының құран бағыштап отырғаны ғана керек", - деп жазды желідегілер.

Естеріңізге сала кетейік, Ләйлә Сұлтанқызының жұбайы Қайрат Беркімбаев өмірден өткен болатын.

Көп ұзамай қара жамылған тележүргізуші ауруханаға түсіп, ота жасатты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2000627-laila-sultanqyzy-qos-ulynyn-marqum-akesine-quran-bagystap-uirengenin-aitty/

pixel