Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұлдыз Өмірғали: Осындай өмірді таңдағаныма қуанамын (видео)

Опубликовано:

Жұлдыз Өмірғали
Жұлдыз Өмірғали. Фото: Instagram/zhuldyzomirgali_official

Кешью тобының бұрынғы әншісі Жұлдыз Өмірғали бүгінгі таңда Айқын Төлепбергенмен екі бала тәрбиелеп отыр. "MOM’sкий әңгіме" бағдарламасына келген әнші осы өмірді таңдағанына қуанатынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Осындай өмірді таңдағаныма қуанамын. Менің өмірімде кино бар, менің өмірімде өнер бар. Мен осы арқылы шабыттана аламын, өзімді дамыта аламын. Қазір өмір мүмкіндіктерге толы. Қазір жаңа нәрселерді үйренуге болады, шетелді де бағындыруға болады. Шектеу тек мида ғана", - деді Жұлдыз Өмірғали.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Жұлдыз Өмірғали Айқынның бірінші некесінен туылған балалармен қандай қатынаста екенін айтқан болатын.

Сонымен қатар әнші жұбайы Айқынның 4 баласына төрт үй алып қойғанын да мәлім етті.

"Үлкен баласында коттедж үйі бар. Қызында үш бөлмелі пәтер бар. Қазір тұрып жатқан үйімізді Аяның атына қалдырады. Ал жаңадан салынып жатқан үйді "Санжардың атында қалдырамыз" дейді. "Кейін Санжар бізбен тұруға келіспесе, өзімізге үй салып аламыз" дейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2000668-zuldyz-omirgali-osyndai-omirdi-tandaganyma-quanamyn-video/

pixel