Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әсел Сәдуақасова көпшілікке сүйіктісін қашан көрсететінін айтты (фото)

Опубликовано:

Әсел Сәдуақасова
Әсел Сәдуақасова. Фото: instagram.com/asselsadvakassova

Актриса Әсел Сәдуақасова осыған дейін өнер әлемінен біраз уақытқа алыстап, өміріне өзгерістер енгізгенін айтқан болатын. Бірнеше жыл шетелде өмір сүрген кино әлемінің жұлдызы осы жылдың мамырында ғана Қазақстанға қайта оралған болатын. Жүрегінің жартысын тапқан актриса оны көпшілікке қашан таныстыратынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Оқырмандарының сауалына жауап берген Сәдуақасова сүйгенін көпшілікке таныстыру үшін оның жаңа кезеңге қадам басуы керектігін жеткізді.

"Күйеуім болғанда көрсететін шығармын. Жалпы, өзі мұны қаламайды. Ол әлеуметтік желіде отырмайды", - деп жазды актриса.

Айта кетейік, осыған дейін Әсел Сәдуақасова гормондық өзгерістер салдарынан артық салмақ қосып алып, өмірін өзгерту мақсатында бөтен елге кетіп қалады. Бірнеше жылға көрермендер назарынан тыс қалған актриса Балиде өмір сүріп, тек биылғы жылдың мамырында ғана Қазақстанға қайта оралады.

Өмірінің күрмеулі тұстарын саралаған ол карантин уақытында әкесімен кездесіп, анасымен қарым-қатынасын түзейді. Ал кейінірек өз арманындағы азаматты ұшақта жолықтырады.

"Менің қазір кездесетін адамым бар. Ең қарапайым тәсілмен бөлісейін. Әр адам солай жасаса керемет болатын еді. Мен тура солай жасадым. Өзім мінсіз деп санайтын ер адамның бейнесін жаздым. Мен 108 тізім жадым. Мен мұны қалай білдім? Мысалы: мейірімділік, рахымшылдық деген секілді қасиеттер тізімде болды. Кемі тізімде 50 қатар болуы керек. Екінші тізімде "Ер адамның "Оның саған қандай қарым қатынаста болғанын қалайсың?" деп аталады. Бұл жаттығуда сен кемі отыз тізім жасауың керек. Мен 77 қатарды толтырдым.

Сәуір айында Қазақстанға жұмыстармен қайтатын болдым. Бірнеше ұшақ ауыстырамын. Осы жолы ер адаммен таныстым. Мен жаттығудың 108 тізімін жасадым. Екінші кездесуде осы тізімдегі қасиеттердің бәрі ол азаматтың бойында бар екенін түсіндім. Үшінші кездесуде "Ер адамның маған қалай қарым қатынас жасағанын қалаймын?" деген жаттығуда жазған 77 тізімнің бар екенін білдім. Өмірде өзіңмен жұмыс жасағанда осындай ғажайыптар болады екен", - деген болатын актриса

Әсел Сәдуақасова
Әсел Сәдуақасова. Фото: instagram.com/asselsadvakassova

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2000672-asel-saduaqasova-kopsilikke-suiiktisin-qasan-korsetedi-foto/

pixel