Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Май мен нанды азайтайын деп отырмын": Жазира Байырбекова артық салмақ қосып алғанын айтты (фото)

Опубликовано:

Жазира Байырбекова
Жазира Байырбекова. Фото: instagram.com/zhazira_bairbekova

Отандық әнші Жазира Байырбекова артық салмақ қосып алғанын айтты. Әнші салмақ тастауға ниеттенгенін Instagram парақшасында мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Байырбекованың айтуынша, салмағы 56 келіге жеткен.

"Жанболат Ербатыровтың жайлы болып жүргені 56 келіге жеткенімнен байқалып тұрған шығар. Негізі 46 мен 52 келіден аспайтын едім. Мына суретіме қарап, "нан мен майды азайтайын" деп отырмын. "Күйеуі жайлы әйелдер толықтау болады" дегенге сенесіздер ме?", - деп жазды Жазира Байырбекова.

Ал желі қолданушыларының бірі әншіні көйлегі толық қылып көрсететінін айтса, екіншілері Байырбекованың аяғы ауыр деп топшылады.

"Мына көйлек солай көрсетіп тұр деп ойладым", "Аяғыңыз ауыр емес пе? Әдемі боп толыпсыз", "Мүмкін аяғың ауыр шығар?", "Әдемі жарасып тұр", "Расымен толыпсыз", - деп жазды желі қолданушылары.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Жазира Байырбекова ауылда тұратын туған әпкесін көрсеткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2001270-mai-men-nandy-azaitaiyn-dep-otyrmyn-zazira-baiyrbekova-artyq-salmaq-qosyp-alganyn-aitty-foto/

pixel