Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Брендті мұрт": Мұртын тушьпен бояған отандық әнші желіде қызу талқыға түсті (видео)

Опубликовано:

Ұланғасыр Қамиев
Ұланғасыр Қамиев. Фото: instagram.com/ulangasyrqamiev

Отандық жас әнші Ұланғасыр Қамиев көпшілікке жаңадан танылып келеді. Отандық әнші "Қызыл раушан" бейнебаянындағы көпшіліктің көңілінен шыққан мұртының қалай жасалатынын Instagram желісінде көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әншінің өзі бұл видеосының астына "Брендті мұртым", - деп жазып қойды.

Видеодан Ұланғасыр Қамиевтің мұртын қыздардың кірпік бояйтын тушімен бояп жатқанын көруге болады.

Ал желі қолданушылары бұл видеоны көріп, көңілі көтерілгенін жарыса жазды.

"Туштың бізге қарағанда, сізге пайдасы көп екен", "Қызым "Мұртын бояп алған, шын емес" деп қоймайтын еді. Рас екен ғой", "Мұрт жарасады екен", "Керемет, сөзім жоқ", "Сізге мұрт жақсы жарасады", "Күлкіге қарық қылдың", - деп жазды желідегілер.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Ұланғасыр Қамиев танымал хит әні "Қызыл раушаннан" соң табысының қалай өскенін айтқан болатын.

Сонымен қатар жас әнші өзінің танымал айтыскер Дидар Қамиевтің інісі екенін мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2001271-brendti-murt-murtyn-tuspen-boyagan-otandyq-ansi-zelide-qyzu-talqyga-tusti-video/

pixel