Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"70 мыңды 30 күнге қалай жеткізбек": Ринат Зайытов халықтың жанайқайын айтып, үндеу жолдады (фото)

Опубликовано:

Ринат Зайытов
Ринат Зайытов. Фото: instagram.com/rinat_zaitov_resmi

Белгілі айтыскер Ринат Зайытов халықтың қазіргі күнкөріс жағдайының нашар екенін айтып, үндеу жолдады. Мардымсыз ақшаны халықтың 30 күнге қалай жеткізетінін түсінбей дал болған айтыскер Instagram желісінде ел ағаларынан сұрағына лайықты жауап алса, айтыстан ұтқан "Асыл домбырасын" сыйға тартатынын мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айтыскер қол астындағы бірнеше қызметкердің 70 мың теңге шамасында жалақы алатынын атап өтті. Олардың арасында ипотека рәсімдеген жан да, жалғызбасты ана да бар. Ринат Зайытов бұл қаражатты 30 күнге қалай жеткізуге болатынын түсінбейтінін айтты.

"Өкінішке орай, көтеріп тұрған мәселе күллі халықтың қабырғасын қайыстырып тұр. Жанға бататыны, жұмысын адал істеп, жұмсағанына жүгіріп, керегіне жарап, жаңа президентпен жаңа Қазақстанда өмір сүруге үміттеніп отырған қызметкерлердің жағдайын қанша жасырсақ та, күннен күнге төмендеп барады.

Өйткені айналаны жайлаған қымбатшылық театрды да айналып өтпейтіні анық. Күні кеше біздің депутаттардың ішінен "Қазақстанда кез-келген азаматтың өмір сүруі үшін айына 100 мың теңге жетеді" деп, жұртты шулатыпты. Халық депутатты жерден алып, жерге салып, "100 мың теңге қайда жетеді" деп өкпеледі.

Айтыңыздаршы, дүкендегі бағалар мен балалардың қарапайым негізгі қажеттіліктерін ескерсек, көрсетілген ақшаны олар 30 күнге қалай жеткізбек? Жауабын сіздер білулеріңіз керек. Олай дейтін себебім, мемлекеттің шешуші лауазымдарына орналасып, теледидардан "Қазақстан дамып келе жатыр. Елдің жағдайы жаман дейтіндер экстремистер, популистер мен арандатушылар" деп айдар тағып отырған өздеріңіз.

Мені де сол қатарға оңай қоспауларыңыз үшін сұрағыма қанағаттанарлық жауап тауып бере алсаңыздар қызметімді өз еркіммен босатып, сіздердің тараптарыңызға бірде-бір жаман сөз айтпай, берген барлық мадақ-атақтарыңызды қайтарып беріп, соынмен қатар айтыстан ұтқан "Асыл домбырамды" сыйға тартуға уәде берем", - деп жазды Ринат Зайытов.

Естеріңізге сала кетейік, Ринат Зайытов "Алатау" дәстүрлі театрының директоры қызметіне 2021 жылдың ақпанында келді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2001306-70-myndy-30-kunge-qalai-zetkizbek-rinat-zaiytov-xalyqtyn-zanaiqaiyn-aityp-undeu-zoldady-foto/

pixel