Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ринат Зайытов басшылық қызметке тағайындалды (фото)

Опубликовано:

Ринат Зайытов
Фото: instagram.com

Айтыскер ақын Ринат Зайытов Алматыдағы "Алатау" дәстүрлі өнер театрының директоры болып тағайындалды. Бұл туралы театрдың баспасөз қызметі желідегі парақшасында хабарлады.

Ұжымға жаңа басшыны Алматы қаласы мәдениет басқармасының басшысы- Ғани Айдарұлы Майлыбаев таныстырған.

Сонымен қатар ақынның өзі де жаңа қызметке тағайындалғанын мәлім етті.

"Қадірлі ағайын, бүгін Алатау дәстүрлі өнер театрына қызметке тағайындалдым. Жалған сөйлеп, ақталудан аулақпын. Дегенмен де қайда барып, не істесем де барлығы әуелі Жаратушы, сонан соң өмірлік тілекшім, сақтаушым, жанашырым да халық болғандықтан бір ауыз түсіндіріп өтейін.

Адам бір нәрсеге қабілетті екенін көрсетпейінше, ешкімге ештеңені құр сөзбен дәлелдей алмайтыны айдан анық. Сондықтан маған берілген бұл мүмкіндік бірінші кезекте өзіме сынақ. Үш жүзге сөйлеп жүрген ақындарыңыз екі жүз адамды жұмылдырып жұмыс істете алмаса, оның пайдасы не? Осы сөзбен келісетін шығарсыздар?

Өмірдегі ең үлкен тілегім өз елімнің бір бұрышында қазақ өнеріне адал қызмет ету ғана. Оны талай жерде айтып та жүрдім. Міне сол тілегімнің алғашқы күні бүгін өтті. Құттықтау артық. Сәттілік тілесеңіздер алғысым шексіз. Алматы қаласының, мәдениет басқармасының басшылығына сенім білдіргеніне көп рахмет", - деп жазды Ринат Зайытов желідегі парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін ақтөбелік ақын Жұлдыз Қожабекова облыстық мәслихат депутаты болғанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897916-rinat-zaiytov-bassylyq-qyzmetke-tagaiyndaldy-foto/

pixel