Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұлыңыз үйленді ме": Келіннің бетін ашқан Жазира Байырбекованы оқырмандары сұрақтың астына алды (видео)

Опубликовано:

Жазира Байырбекова
Жазира Байырбекова. Фото: instagram.com/zhazira_bairbekova

Отандық әнші Жазира Байырбекова Instagram желісінде жас келіннің бетін ашып, оқырмандардың сансыз сұрағының астында қалды. Желі қолданушылары жұлдызды жұптың үлкен ұлы шаңыраққа келіншек алып келді деп жорамалдаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеода бір әйел "Алақай, біздің шаңыраққа келін келді. Құтты болсын", - дейді. Осы сәтте видеодан қызыл халатты жас келіннің шәй құйып отырғанын да аңғаруға болады.

Ал бұл құтты болсынға алғыс білдірген Жазира Байырбекова бетіне ақ орамал жапқан жас келіннің бетін ашады.

Желі қолданушылары әншінің 25-тен асқан ұлы Қазбекті шаңыраққа келін алып келді деп топшылап, Байырбекованы сұрақтың астына алған. Тіпті оқырмандары арасында әншінің келін түсіргеніне сенбейтіндер де табылған.

"Жазира, келін құтты болсын", "Қазбек үйленді ме?", "Шын ба? Түрлеріне қарасаң олай емес сияқты", "Құтты болсын", "Жастар бақытты болсын", "Аттаған босағасы берік болсын", "Келіннің аяғы оң болсын. Қандай келін? Ұлыңыз үйленді ме?", "Жазира алғашқы қуанышың құтты болсын", "Немере сүй. Шын жүректен қуанып отырмын", "Бізге де бұйырсын", - деп жазды желі қолданушылары.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін әнші 25-тен асқан ұлын үйленуге асықтырмайтынын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2001567-ulynyz-uilendi-me-kelinnin-betin-asqan-zazira-baiyrbekovany-oqyrmandary-suraqtyn-astyna-aldy-video/

pixel