Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ойланып сөйлейді екенсің": Жазира Байырбекова 25-тен асқан тұңғышын үйленуге асықтырмайтынын айтты

Опубликовано:

Жазира Байырбекова ұлымен
Жазира Байырбекова ұлымен. Фото: instagram.com/zhazira_bairbekova

Отандық әнші Жазира Байырбекованың кенжесі әлі кішкентай болғанымен, тұңғышы 25-тен асқан. Әнші есейген ұлына әр сөзін ойланып жеткізетінін және оны әзірге үйленуге асықтырмайтынын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл жайлы әнші Instagram парақшасында айтты.

"Ұлым түнде кеш келетін кезде "Қайда жүрсің? Қайт үйге" деп айтуға бата алмайтын болыппын. 25-тен асқан балаңа үлкен ер-азамат ретінде қарап, ойланып сөйлейді екенсің. Әлде ұлымның өзі аз сөйлейтін, салмақты болған соң ба?! Хат жазуға оқталып, ешнәрсе жазбай телефонды қайта жаба салам. "Мүмкін қызбен отырған шығар? Мүмкін достарымен отыр ма екен? Кедергі жасап қалмайын" деймін ғой.

Айтпақшы "үйлен, үйлен" деп асықтырмаймын деп шештім. Алла тағала жанына жайлы, жақсы жар кездестіріп, сәтін салсын деп тілеймін", - деді Байырбекова.

Айта кетейік, Жазира Байырбекованың екі перзенті бар. Оның тұңғышы Қазбек болса, кенжесі Дара есімді қыз бала.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1996695-oilanyp-soileidi-ekensin-zazira-baiyrbekova-25-ten-asqan-tungysyn-uilenuge-asyqtyrmaitynyn-aitty/

pixel