Қыздарымен билеген Алтынай Жорабаева көпшіліктің қызу талқысына ұшырады (видео)
Жарияланған күні:
Отандық әнші Алтынай Жорабаева әлеуметтік желіде қос қызымен би билеп, көпшіліктің қызу талқысына түсті. Желі қолданушылары әншінің киіну стилін сынға алған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Әншінің қыздарының бірі анасымен және бауырымен билеген бидің видеосын Tiktok желісіне жариялаған. Алайда ол көп ұзамай бірнеше әлеуметтік желіге таралып кетті.
Желі қолданушыларының бірі Жорабаеваның қыздарымен қатар жас көрінетінін айтса, енді біреулері әншінің киіну стилін талқыға салды.
"Жалпы жаман емес", "Бірақ сізге стилист ауыстыру керек", "Қыздарыңыз өзіңізге айнымайды", "Сізге артық салмақтан арылу керек", "Мүмкін өзіне осылай киінген ұнайтын шығар. Артық сөздің керегі жоқ", "Алтынай, бәрі керемет. Ешкімнің сөзіне мән берме", "Маған ұнамады", "Жараспайды", - деп жазды желідегілер.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Алтынай Жорабаева 2020 жылы қайта тұрмысқа шықты. Өнер иесі қазіргі жұбайының отбасымен алғаш танысқанда қайын атасының сөзінен соң көзіне жас алғанын еске алған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2001658-qyzdarymen-bilegen-altynai-zorabaeva-kopsiliktin-qyzu-talqysyna-uysrady-video/