jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    Карина Абдуллина көпшілікке күйеуін көрсетті

    Карина Абдуллина
    Карина Абдуллина. Фото: NEGE.KZ

    Танымал әнші Карина Абдуллина көпшілікке жұбайын көрсетіп, онымен қалай танысқанын айтып берді. Өнер иесі желі арқылы танысқан жігіттің жұбайына айналатынын білмеген, деп жазады NEGE.KZ.

    Әншінің айтуынша, жұбайы Марко оның әр концертін қалдырмай келетін болған.

    "Бізді муызка табыстырды. Марко менің әндерімді тыңдап, концерттеріме қалмай келіп жүрген екен. Сөйтіп, желіде жеке парақшама менің өнеріме жоғары баға беретінін және тұрақты тыңдармандарымның бірі екенін жазды. Содан уақыт өте келе бір-бірімізден хат-хабар алмасып, жақын араласа түстік", - дейді Карина Абдуллина.

    Сонымен қатар әнші күйеуінің дәрігер екенін және әлі күнге әйелінің "Шаги у порога" әнімен ұйқысынан оянатынын атап өтті.

    "Мамандығы оташы болса да, музыканың тілін жақсы түсінеді. Сенсеңіз, әлі күнге дейін күнделікті таңертең оятқышындағы "Шаги у порога" деген әніммен ұйқысынан оянады", - деді ағынан жарылған Карина Абдуллина.

    Карина Абдуллина көпшілікке күйеуін көрсетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.