jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Науқастанып қалған Роза Рымбаева жанды дауыста кеш өткізді (видео)

    Роза Рымбаева
    Роза Рымбаева. Фото: instagram.com/rozarymbaeva

    Биыл 65 жасқа толған Роза Рымбаева мерейтойлық концертін жасаған. Жеке кеші өтетін уақытта науқастанып қалғанына қарамастан, халық әртісі концертті жанды дауыста өткізеді. Бұл жайлы әнші Ақбота Керімбекова Instagram парақшасында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Керімбекованың айтуынша, кеш өтер қарсаңында Роза Рымбаева тұмау жұқтырған.

    "Роза Қуанышқызы концерттің қарсаңында қатты тұмауратып қалыпты. Соған қарамастан, 100 пайыз жанды дауыста ән шырқап шықты", - деп жазды Ақбота Керімбекова.

    Сонымен қатар әнші халық әртісінің тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.

    "Қазақ халқының аяулы перзенті, әлемдік эстрадалық музыка өнерінің көрнекті өкілі, менің үлкен жанашырым Роза Рымбаеваның мерейтойлық концерті өтті. Өзім қатыса алмасам да, халықтың ыстық ықыласынан, естелік видеоларынан концерт деңгейін сезіндім. Әрине, ең жоғары кәсіби деңгей.

    Мына видеода Роза Қуанышқызы менің "Жылдар-ай" атты әнімді орындап тұр. Мен бақытты өнер адамымын. Роза Қуанышқызы, Сізге ауыруға, қартаюға болмайды. Сіз қазақ эстрадасын әлі талай биікке жетелеуіңіз керек. Халық сізді қатты жақсы көреді, мен де", - деп жазды Ақбота Керімбекова.

    Естеріңізге сала кетейік, биыл Роза Қуанышқызының 65 жас мерейтойы. Халық әртісі бір себептермен концертінің Алматыда өтпейтінін айтқан болатын. Ол туған күнінде Түркия еліне барып, сонда кеш өткізді.

    Науқастанып қалған Роза Рымбаева жанды дауыста кеш өткізді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.