Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрболат Абдуллин 1,5 млн теңгеге сатып алған костюмін көрсетті (фото)

Жарияланған күні:

Нұрболат Абдуллин
Нұрболат Абдуллин. Фото: instagram.com/nurbullin

Отандық әнші Нұрболат Абдуллин жаңадан алған қымбат киімін көрсетті. Әнші Instagram парақшасында сатып алған костюмінің құны 1 миллион 595 мың теңге екенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Жаңа киімнің тұсауы кесілді", - деп жазды Нұрболат Абдуллин.

Ал кейінірек әншінің жариялаған суреті әлеуметтік желіге таралып кеткен.

Желі қолданушылары Нұрболат Абдуллиннің жаңа киімінің бағасын қызу талқыға салды.

"Халық "бәрі қымбат" деп, зар еңіреп жүргенде бұл киімнің бағасын көрсетіп мақтанып жүр. О, тоба. Жарайды, еш қарсылығым жоқ тапқан шығар. Бірақ осының керегі не?", "Қандай адам екенің киімнің бағасымен өлшенбейді", "Халық қолдамаса, халық әндеріңді тыңдамаса, халық соңғы тиынына билет алып, концертіне бармаса ондай ақша да, ондай костюм де болмас еді. Ер адамға мақтану мүлде жараспайды", "Біреу - тойып секіреді, біреу - тоңып секіреді".

"Жұмыс істеді, еңбектеніп тапты, алсын", "Бізге бағасы қызық емес", "Қазақтың жігіттері бай, бақуатты болып жатса, алсын", - деп жазды желідегілер.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Нұрболат Абдуллиннің жұбайы алғаш рет сұхбат беріп, әншімен қалай танысқанын айтып берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2002182-nurbolat-abdullin-samamen-1-mln-600-myn-tengege-kostyum-alganyn-korsetti-foto/