Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрболат Абдуллин оқырманының әнін тыңдап, аяққа тұрып кеткенін айтты (видео)

Опубликовано:

Нұрболат Абдуллин
Нұрболат Абдуллин. Фото: instagram.com/nurbullin

Отандық әнші Нұрболат Абдуллин Қостанайда танымайтын тыңдарманының үйінде қонақта болған. Әнші Instagram парақшасында өзін қонаққа шақырған азамат үш жыл төсек тартып жатқан. Алайда әншінің әндерін тыңдаған соң, аяққа тұрып кеткенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әншінің айтуынша, тыңдарманы үш жыл төсек тартып жатқан.

"Бұл кісіні танымаймын. Кеше Қостанай қаласында бейтаныс жанның шаңырағында қонақта болдым. Сартай деген ағамыз өз ризашылығын айту үшін мені екі жыл бойы іздепті. Тіпті Қостанайға келген кейбір әртістерге аманат етіп, хат та жазып жіберген екен. Бірақ ол аманат бізге жетпеді.

Сартай ағамыздың айтуынша, 3 жыл төсек тартып жүре алмайтын хәлде болған. "Бір күні сенің әндеріңді тыңдай бастадым. Тани бастадым. Сенің әндерің аяқ басып, жүріп кетуіме себепкер болды" деді. Иә, алдымен Алла тағаланың арқасы. Жақсылыққа себеп болып жатсақ, шүкір. Бір адамды себепсіз де, себеппен де қуанту "жақсылық" деп ойлаймын. Аман болайық", - деп жазды әнші.

Естеріңізге сала кетейік, Нұрболат Абдуллин жақында еліміздің түкпір-түкпірінде жеке кешін өткізген болатын. Әнші кезекті жеке концертін Таразда өткізген уақытта танымал блогердің сынына ұшырап, оған әлеуметтік желіде жауап қайтарды.

Сонымен қатар әнші 1,5 млн теңгеге костюм сатып алғанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2002258-nurbolat-abdullin-oqyrmanynyn-anin-tyndap-ayaqqa-turyp-ketkenin-aitty-video/

pixel