Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айқын: Ән жазғанда шабытты Жұлдыз береді (видео)

Опубликовано:

Айқын мен Жұлдыз
Айқын мен Жұлдыз. Фото: Instagram/zhuldyzomirgali_official

Әнші Айқын Төлепберген ән шығарғанда шабытты балаларынан емес, жұбайы Жұлдыздан алатынын "Түнгі студия" бағдарламасында ашып айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бағдарлама жүргізушілерінің бірі әншіден "Айқын сізге бір жақсы жері әкеңіз әндеріңіздің мәтінін жазып береді, иә? Ал ұлдарыңыз қалай көмектеседі?", - деп сұраған.

"Үлкен ұлым мен үлкен қызым 10 және 6,5 жаста. Балаларың жарысқа қатысып жатса, қуанады екенсің. Алға жылжуға шабыт береді екен. Бірақ балалардан көрі, ән жазғанда жанымда отырған Жұлдыз шабыт береді. Соңғы шыққан "Сенші маған" деген әнім Жұлдызға арналған", - деді Айқын Төлепберген.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Жұлдыз Өмірғали Айқынның бірінші некесінен туылған балалармен қандай қатынаста екенін айтқан болатын.

Сонымен қатар әнші жұбайы Айқынның 4 баласына төрт үй алып қойғанын да мәлім етті.

"Үлкен баласында коттедж үйі бар. Қызында үш бөлмелі пәтер бар. Қазір тұрып жатқан үйімізді Аяның атына қалдырады. Ал жаңадан салынып жатқан үйді "Санжардың атында қалдырамыз" дейді. "Кейін Санжар бізбен тұруға келіспесе, өзімізге үй салып аламыз" дейді. Сол жағынан Айқынның маған азамат ретінде, ер адам ретінде уәдесінде тұратыны ұнайды", - деді Жұлдыз Өмірғали.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2002464-aiqyn-an-zazganda-sabytty-zuldyz-beredi-video/

pixel