Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызды болуды армандаған Ләйлә Сұлтанқызы бала көтеріп үлгермегеніне өкініш білдірді (видео)

Опубликовано:

Ләйлә Сұлтанқызы жолдасымен
Фото: Instagram/sultankyzy

Осыдан біраз уақыт бұрын ЭКҰ арқылы үшінші сәбилі болғысы келетінін айтқан Ләйлә Сұлтанқызы бұл арманының орындалмағанын айтты. Жұбайы өмірден өткен тележүргізуші жақында талдау нәтижелерінің оң нәтиже беріп, қараша айында күйеуімен маманға баруы керек болғанын айтып, Youtube арнасында өзегін өртеген өкінішімен бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Біз үлгермедік. Салтанат ханым (Байқошқарова - ред) келгенде, мен осыны айтып жыладым. Қазан айында соңғы талдау нәтижелерін қолыма алғанда, "Сізде бәрі жақсы. Келесі айда күйеуіңізбен келе аласыз" деген болатын. Біз үлгермедік. Менің жүрегімдегі ең үлкен өкініш болып осы қалды. Құдайдың жазғаны осы шығар. Мен тағы да ана атанып үлгермедім.

"Неге мен қазан айында бармадым?" деген өкініш қалды. Ол менен "Ләйлә, мен қашан барамын?" деп сұрады ғой. Мен "Дәрігер айтты, қараша айында барасың" дедім. Ол "Жарайды, мейлі. Қарайсың ғой, өзің" деді. Өзі үлгермеді", - деп айтты Ләйлә Сұлтанқызы.

Естеріңізге сала кетейік, Қайрат Беркімбаев биылғы жылдың қарашасында өмірден өткен болатын.

Сондай-ақ жұбайының қырқын берген тележүргізуші күйеуі жайлы естеліктерімен бөлісіп, неліктен тойы болмағанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2002786-qyz-sabidi-armandagan-laila-sultanqyzy-usinsi-ret-naresteli-bolyp-ulgermegene-okinis-bildirdi-video/

pixel