Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үлкен ұлы үйленді": Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жұбайы екеуінің тойы неге болмағанын айтты (видео)

Опубликовано:

Ләйлә Сұлтанқызы жұбайымен
Ләйлә Сұлтанқызы жұбайымен. Кадр: Ләйлә Сұлтанқызының Youtube арнасынан

Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жұбайы Қайрат Беркімбаевпен 2005 жылы танысқан. Тележүргізуші осы уақытқа дейін жұбайы екеуінің неліктен той жасамағандарын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Мен Қайратпен 2005 жылы таныстым. 2006 жылы тұрмысқа шықтым, некемізді қидық. Той жасай алмадық, оған себеп: бірінші отбасындағы үлкен ұлы үйленетін болды. Жөн-жоралғысының бәрі жасалды, құда түсіп барды.

"Әкесі мен баласы қатар той жасағаны ұят болар. Біз енді ересекпіз ғой, Ләйлә. Балалардың алдында ыңғайсыз болмасын" деп кейінге қалдырған болатынбыз. Екінші ұлы үйленді. Келіндермен бірге тұрдым. Енді мен келіндерге "Ененің орнына ене" бола алмаймын. Оны басынан анық, дұрыс қабылдадым. Мен оларға құрбы бола аламын. Олардың сыйлы да салиқалы, өзінің туған енесі бар. "Папаң оны жақтырмайды. Папаңа ол ұнамайды" деп, Қайраттың кейбір үлгі, өнегесін осылай келтіретінмін. Келін түскеннен бастап, Қайрат "Сен осылай жүрсең, келіндер саған қарап өседі" деп, маған қарата айтатын", - деді Ләйлә Сұлтанқызы.

Сонымен қатар тележүргізуші өзі туралы орынсыз пікірлерді қалай қабылдайтынын да айтты.

"Кейде өзім туралы өрескел, орынсыз пікірлерді оқып қаламын. Оған мән бермедім. Себебі, ол өзінің қалауы болды. Балалары, немерелері бар. Менде "бақытыңды, жеке өміріңді айтпа" деген түсінік болды. Биыл жазда күйеуім жалғыз қызын ұзатып, өміріндегі үлкен арманын жүзеге асырды. "Қызымның ешқашан еңсесі түсіп жүрмесін" деп, ерекше дайындалды.

"Болды екі ұлды үйлендіріп, қызды тұрмысқа бердік. Енді екі баланы аман-есен жеткізсек екеуіміз. Ұлым Сағадатты 18 жасында үйлендіремін" деп айтатын", - деп еске алды Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жұбайын.

Естеріңізге сала кетейік, Ләйлә Сұлтанқызы күйеуінің қырқын өткізіп, ол туралы естеліктерімен бөлісті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2002766-ulken-uly-uilendi-laila-sultanqyzy-marqum-zubaiy-ekeuinin-nege-toi-zasamagandaryn-aitty-video/

pixel