Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал имам Нұрлан қажы "Өзім үшін туып алам" дейтін қыздар туралы айтты (видео)

Опубликовано:

Нұрлан қажы Асанов
Нұрлан қажы Асанов. Фото: tiktok.com/@nurlanimam.kz

Танымал имам, дінтанушы, теолог Нұрлан қажы Асанов ел ішіндегі "Өзім үшін туып алам" дейтін қыздардың сөзіне қатысты пікір білдірді. Нұрлан қажы донорлық аталық ұрық пен аналық жасушаны пайдалануға шариғат рұқсат бермейтінін, алайда суррогаттықтың шариғатта рұқсаты бар екенін Ләйлә Сұлтанқызының бағдарламасында айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Бізде елдің ішінде "Кейін мен өзім үшін туып алам" деген сөз бар. Иә, оған рұқсат беретін ата-ана да бар. Оған рұқсат беруінің тәрбиелік мағынасы бар ғой. Бұл жерде "Күйеуге шық" демейді. "Біреуге тиіп ал", "Біреудің басын айналдырып ал" дейді.

Үйден сондай тәрбиемен шыққан қыз, сол мәселені ортаға қояды. Онысы орындалмағаннан кейін түптің-түбінде дәрігерге барып, қолдан ұрықтандыру арқылы өзі үшін босанып алады", - деді Нұрлан қажы.

Бағдарлама жүргізушісі Ләйлә Сұлтанқызы "Мен ондай қыздардың көбісін білемін. Басқа ракурстан қарасақ, олардың мұңын айтып жеткізу мүмкін емес", - деді.

Ал имам балалы болудың басқа нұсқалары да бар екенін алға тартты.

"Енді, Алла Тағала мүмкіншілік берді ғой. Мүмкін табиғи жолмен көтеретін шығар. Бала көтере алмаса, асырап алу бар. Алла берген нығметтер өте көп. Бұл жердегі ең үлкен нәрсе - иман, Құдайдан қорқу мәселесі келеді.

Өйткені Алланың иман мәселесіне селқос қараған кезде, осы нәрсе алға шығады. "Неге Құдай бермегенді өзім ала алмаймын?" деген нәрсе алға шығады. Егер "Мен өзім де істей аламын" деген нәрсеге өтіп кетсе, бұл діннен шығуға дейін алып барады. "Мен бермегенді тартып алам" деген түсінік шықпауы керек. Біз үшін, мұсылман адам үшін ең жоғарғы қағида - бұл Алладан қорқудан туындаған неке болып есептеледі.

Ләйлә Сұлтанқызы имамнан "Сөзіңізден түсінгенім, яғни донорлық аталық ұрық пен аналық жасушаны пайдалануға болмайды. Екінгі суррогаттыққа діннің көзқарасы қандай?", - деп сұрады.

"Шариғат рұқсат бермейді. Суррогаттықтың рұқсаты бар. Бірақ оған да біздің нәпсіміз қабылдамайтын нәрсе бар. Яғни суррогаттыққа келген әйел оның заңды некесінде болса, жарайды. Біздің қазақтағы бірнеше әйел алып, балаларын бір-бірімен ауыстыра берген ғой.

Тура сол сияқты бәйбіше бала көтере алмайтын жағдай болса, екінші некелеп, екінші некедегі әйелдің құрсағын бала көтеру үшін пайдаланып, бір жанұя боп тұрса болады. Бұл жерде үштік мәселесі шығады. Мұның өзі таласты мәселе. Өйткені "Тек қана бала көтеру үшін пайдаланып кете ме?" деген сөз шығады", - деді имам, Нұрлан қажы Асанов.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Нұрлан қажы жастардың жыныстық өміріне ене араласпауы керектігін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2003221-tanymal-imam-nurlan-qazy-ozim-usin-tuyp-alam-deitin-qyzdar-turaly-aitty-video/

pixel