Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал блогер Елдос Колобок анасының денсаулығы сыр бергенін айтты (видео)

Опубликовано:

Елдос Қадірханов
Елдос Қадірханов. Фото: instagram.com/eldos_kalabok

Қазақстанға "Елдос Колобок" есімімен танылған блогер Елдос Қадірханов анасының денсаулығы сыр беріп, Алматыда оған ауыр диагноз қойған. Блогер анасын Түркия еліне емдетуге алып келгенін Instagram мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Анама Алматыда түсініксіз ауыр диагноз қойып, бізді шошытып еді. Сенбей Түркияға әкеліп, толықтай тексертіп едік. "Қорқатын ештеңе жоқ" деді. Анам анализ тапсырған сайын жүрегіміз дүрсілдеп, уайымдап, жауабын күтіп отырдық.

Бәрі артта қалды. Аллаға шүкір, анамызда бәрі жақсы. Енді ертең соңғы талдаудың нәтижесін алып, сосын елге ораламыз. Сіз ауырмаңыз, анашым. Әдемі қартайыңызшы. Әлі менен тараған ұрпақты бағасыз, сондықтан шаршамаңыз.

Ешкім денсаулықпен сынаққа түспесін. Ешкім ауырмасын, ауырғандар тезірек жазылып кетсін", - деп жазды Елдос Қадірханов.

Естеріңізге сала кетейік, "Елдос Колобок" есімімен танылған блогер Елдос Қадірханов пен жұбайы алты жылдан бері сәби иісін аңсап келеді. Блогер әлеуметтік желіде өз өмірін сынға алып, балалы болуға қатысты сұрақпен мазалайтын хейтерлеріне жауап қайтарған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2003267-tanymal-bloger-eldos-kolobok-anasynyn-densaulygy-syr-bergenin-aitty-video/

pixel