Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Парақшамда жарнама жасау - 2 млн теңге": Жаһан Отарғалиев блогер ретінде қанша табыс табатынын айтты

Опубликовано:

Жахан Отарғалиев пен Балжан Бидаш
Фото: Instagram/zhahan_utargaliyev

Үйін сатып, кино түсірген белгілі блогер Жахан Отарғалиев әлеуметтік желіні белсенді пайдаланады. Жуырда президентті түсінде көргенін айтып желіде әзілдеген актер мемлекет басшысымен өңінде де кездескен. Сондықтан болар Жаһанның парақшасында жарнама жасау арзан емес. Бұл туралы актер KAZ.NUR.KZ тілшісіне берген сұхбатында айтты.

Қазір "Джохан" фильмінің жалғасын түсіріп бітірдіңіз. Көрермен оны қашан көре алады?

2022 жылдың 5 мамырында "Джохан" көрерменге жол тартқан еді. Жақсылыққа ырымдап 2023 жылдың 5 мамырына белгіледік. Алла қаласа, сол кезде сіздерді біздің жабық көрсетілімге шақыратын боламын.

"Джохан" фильмінің бірінші және екінші бөлімінде қандай айырмашылық болмақ?

Аты бір болғанымен, заты бөлек туынды болмақ. Әзірге айтып мақтанғым кеп тұрған жоқ. 2023 жылы фильмді көруге келген көрермен бағалайды деп ойлаймын. Бірінші бөлімде күштің бәрі өзіме түскен еді. Ал екінші фильмді кәсіби командамен бірігіп жасадық. Бірінші фильм кезінде орын алған қателіктерге екіншісінде жол бермеуге тырыстық.

"Джохан-2" фильміне қанша қаржы жұмсалды?

Алғашқы фильммен бірдей қаржы жұмсалды. 150 миллион теңгедей қаржы.

Стамбулға жиі барып жүрсіз. Болашақта қоныс аудару жоспарда жоқ па?

Жоқ, әзірге көшу жоспарда жоқ. Мен өзімді басқа елдің тұрғыны ретінде елестете алмаймын. Бірақ Стамбул мен үшін ыстық мекен. Касонайымды (жұбайы Балжан - ред.) кездестіріп, махаббатқа бөленген қала. Сондықтан жиі барып тұрамыз.

Instagram қазір табыс көзі ғой. Сіздің парақшадағы жарнама құны қанша?

Арзан емес. Бағасына сай ол парақшада жұмыс та жүргізілуде. Stories жарнаманың құны 500 мың. Ал парақшамда жарнама жасау - екі миллион теңге.

Қазір көптеген блогердің жарнамасы елді адастырып жүр. Сіз жарнаманы қалай "сұрыптайсыз"?

Иә, қазір алаяқтар көп. Оларды біліп-білмей жарнама жасаған блогерлер де жапа шегіп жүр. Менде арнайы команда бар. Олар әр жарнаманы, жарнама берушіні зерттеп, қадағалайды. Өз басым біреудің өміріне зиян келтіретін дүниелерді жарнамалаудан бас тартамын.

Мықты блогер, қызықты контент жасаудың арнайы техникасы бар ма?

Бәрі блогердің жұмысы күнде story салып, видео түсіру деп ойлайды. Бірақ әр жұмыстың артында өзгелер көрмейтін көп еңбек бар. Мықты блогер болу үшін көп еңбектену керек. Ойлану керек. Халықтың сұранысына сай контент ұсыну керек.

Көп рақмет әңгімеңізге! Келер жыл бұдан да табысты болсын!

Сұхбаттасқан Жанар Тайырқызы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2003855-paraqsamda-zarnama-zasau-2-mln-tenge-zahan-otargaliev-bloger-retinde-qansa-tabys-tabatynyn-aitty/

pixel