Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ләйлә Сұлтанқызы күйеуінің жылын күтпей, жұмысқа шыққанын сынаған оқырманына жауап берді

Жарияланған күні:

Ләйлә Сұлтанқызы жұбайымен
Ләйлә Сұлтанқызы жұбайымен. Фото: instagram.com/sultankyzy

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы 2022 жылдың қарашасында жұбайынан айырылып, қара жамылды. Қайрат Беркімбаевтың қырқын өткізген тележүргізуші Youtube арнасында сұхбат беріп, үлкендердің айтуымен қайта тіршілігін жалғастыратынын айтқан болатын. Алайда әлеуметтік желі қолданушыларының бірі жұбайының жылдық асын бермей жатып, қызметке қайта кіріскені үшін тележүргізушіні айыптаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Желі қолданушысының жабасын Ләйлә Сұлтанқызы Instagram желісінде жариялады.

"Бұрын отағасы өмірден өтсе, жұбайы бір жыл бойы аза тұтып, ешқайда бармайтын. Ешқайда шықпайтын еді. Сіздің жарнама түсіріп кеткеніңіз біртүрлі көрінеді екен", - деп жазды желі қолданушысы.

Ал Ләйлә Сұлтанқызы ешкімге ақталмайтынын жеткізді.

"Ертең - жұмыс күні. Еңбектену керек. Осы күндері бірнеше жарнама түсіріп едік, арасында түсінбей жатқан жандар бар екен. Бірақ ешкімге ақталып, өкпелеп, ренжігім келмейді. Менің ойым, жай-күйім, ниетім тек бір Құдайға ғана аян", - деп жауап берді Ләйлә Сұлтанқызы.

Ләйлә Сұлтанқызы
Ләйлә Сұлтанқызы. Скриншот: instagram.com/sultankyzy

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың қарашасында Ләйлә Сұлтанқызының жұбайы Қайрат Беркімбаев өмірден өткен болатын.

Сондай-ақ жұбайының қырқын берген тележүргізуші күйеуі жайлы естеліктерімен бөлісіп, неліктен тойы болмағанын айтты.

Ләйлә Сұлтанқызы жас күнінде біреудің үшінші жары болуды армандамағанын, мұның пешенесіне жазылғанын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2004018-laila-sultanqyzy-kuieuinin-zylyn-kutpei-zumysqa-syqqanyn-synagan-oqyrmanyna-zauap-berdi/