Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Прокуратура тексеріс жүргізіп жатыр": Мадияр Серікбаев өзі жетекшілік ететін театрға қатысты дауға пікір білдірді

Жарияланған күні:

Мадияр Серікбаев
Мадияр Серікбаев. Фото: Facebook/Өнер қырандары

Жаңа жыл қарсаңында БАҚ-та "Өнер қырандары" театры Алматыдағы Республика сарайымен келіспей, концерт өткізуді жоспарлағаны туралы ақпарат тарады. Сондай-ақ мекеме театрды заңсыз билет сатқаны үшін прокуратура тексеріп жатқанын мәлім еткен болатын. Театр жетекшісі Мадияр Серікбаев осыған қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Актердің сөзінше, концертке қатысты дау ұйымдастырушылардың салғырттығынан туындаған.

"Біздің ешқандай қатысымыз жоқ деп айтсам болады. Біз 50 күн сапарда жүріп, 50 концерт бердік. Соның аясында 45 күн баспана табыстау керек болдық. Бұл - Мәдениет министрлігімен бірлесе жасалған жоба. Яғни президенттің "Балалар жылы" бағдарламасының аясында "Балаларға бақыт сыйлау" деген бағытпен 45 күнде 45 баспана табыстау. Мәдениет министрлігі мәдениет мекемелеріне хат жазып, қолдан келгенше көмектескен еді. Осы істі атқаратын ортада тәжірбиелі ұйымдастырушы болды.

Алматыға келген кезде құжаттар дұрыс болмай қалған ба, түсініспеушілік орын алды. Біз өзіміз гастрольдік сапардан 23 желтоқсан күні келгенбіз. Өзіміз сапарда жүрген кезде байқамадық. Концертке бір күн қалғанда осындай үлкен дау болып жатқанын білдік.

Бұл даудың қашан, қалай, кім шығарғанын білу үшін бірден құзырлы органдарға өзім хабарластым. Әкімшілікке келіп, сол жерден мән-жайды анықтап бірден шештік. Ұйымдастырушының қателігінен екі тараптың ортасында түсінбеушілік орын алған. Аллаға шүкір, бәрін өз ретімен шештік", - дейді Мадияр Серікбаев.

Сондай-ақ актер қазір "Өнер қырандары" толықметражды фильм түсіруге дайындалып жатқанын атап өтті.

"Алғашқы қадамды телехикая түсіруден бастадық. Екі рет өзіміздің командамен сериал түсіріп көрдік. Енді үлкен толықметражды фильм түсіруге жұмыс жасап жатырмыз", - дейді "Өнер қырандары" театрының жетекшісі.

Әңгімелескен Жанар Тайырқызы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2004177-prokuratura-tekseris-zurgizip-zatyr-madiyar-serikbaev-ozi-zeteksilik-etetin-teatrga-qatysty-bolgan-dauga-pikir-bildirdi/