Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"113 келіге жеттім": Артық салмағымен тойда асаба болуға ұялған Елдос Колобок қанша келі салмақ тастағанын айтты

Опубликовано:

Елдос Колобок
Елдос Колобок. Фото: instagram.com/eldos_kalabok

Көпшілікке "Елдос Колобок" есімімен танылған отандық блогер Елдос Қадірханов артық салмағынан ұялып, тойда асабалық қызмет атқармай кеткенін жеткізді. Салмағы 113 келіге дейін жеткен блогер қазіргі таңда арықтағанын айтып, жан сырын бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Жасым 30-да. Саяхаттағанды жақсы көремін, өмірімде он елде болдым. Ендігі мақсатым 50 елді аралау, көру, қыдыру. 2004 жылдан бастап КВН ойнадым.

12 жыл бойы тойда асабалық қызмет көрсеттім. 2.500 теңгеге өнер көрсетіп бастап, 1 млн теңгемен тоқтап, тамадалық қызметтен кеттім. Анығын айтқанда, семіріп кеттім. Костюмдер тырысып, жараспай кетті. Жаңасын алайын десем, ұнайтын костюмнен размер табылмай, "Осымен тоқтайын" дедім. Тойда семіз болып елдің алдына шығуға ұялдым. Оның үстіне сөйлеп тұрып ауа жетпей, терлей бердім.

Жалпы соңғы 6-7 жылда салмағым 100 келіден түспеді. Соны ойлап, тамақ жей беріп, одан сайын семірдім. Соңында 113 келі болдым. Сосын жаз айында өзімді қолға алуды бастадым. Досыммен бәстесіп, ұттым. Кейін "Өзіме керек салмаққа түскенше арықтай беремін" деп шештім. Қазір салмағым 89 келі, бұл менің үлкен жеңісім", - деді Елдос Колобок Instagram парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, көпшілікке Елдос Колобок лақап атымен танылған блогер Елдос Қадірханов пен жұбайы алты жылдан бері сәби иісін аңсап келе жатқанын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2004378-113-kelige-zettim-artyq-salmagymen-toida-asaba-boluga-uyalgan-eldos-kolobok-qansa-keli-salmaq-tastaganyn-aitty/

pixel