Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үйленетін сияқтымын": Отандық актер көпшілікті қызықтырып қойды

Опубликовано:

Еркебұлан Тоқтар
Еркебұлан Тоқтар. Фото: instagram.com/erkebulan_toktar

Осыған дейін болашақ жарына қандай талаптар қоятынын айтып, елдің қызу талқысына түскен отандық актер Еркебұлан Тоқтар үйленуі мүмкін екенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Актер бұл жайлы Instagram парақшасында жариялады.

"Бір оқырманыма үйленетін сияқтымын", - деп жазды Еркебұлан Тоқтар.

Ал желі қолданушылары оның бұл жазбасын қызу талқыға салып, актердің кімге үйленгелі жатқанын білгісі келген.

"Керісінше, саған жазылмаған, сені танымайтын қыз кезіккені қызық сияқты", "Сұхбатыңда айтқандай қыз жолықсын", "Таңдап қойғансыз-ау", "Осының үйленуі жыр болды", "Бір жұлдыз немесе блогер шығар", "Сіз үйленем деген сайын жүрегімнің не болатынын білмейсіз ғой. Өтінем, олай айта бермеңізші", "Қыздардың жүрегі ауырып жатыр", - деп түрлі пікір қалдырды желі қолданушылары.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Еркебұлан Тоқтар жар таңдауда қыздарға қандай шарт қоятынын айтты. Өнер иесі талабына сай келетін аруды әлі таппағанын жеткізген болатын.

Кейінірек актер белгісіз арумен сурет жариялап, жұртты қызықтырып қойды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2004718-uilenetin-siyaqtymyn-otandyq-akter-kopsilikti-qyzyqtyryp-qoidy/

pixel