Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дастан Оразбеков әйелінің қай қасиетін бағалайтынын айтты (видео)

Опубликовано:

Дастан Оразбеков әйелімен
Дастан Оразбеков әйелімен. Фото: Instagram/dastanello

Отандық әнші Дастан Оразбеков әйелінің қай қасиетін жоғары бағалайтынын айтты. Сонымен қатар әнші отбасындағы құндылықты да баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дастан Оразбеков жазбасын Instagram желісінде жариялады.

"Мен әйелімнің ақылын, адалдығын бағалаймын. Бірақ әйел адамның тек ақылды болғаны аздық етеді. Оның түсінігі мол болу керек. Менің отбасымда ең маңыздысы және қымбаты - өзара түсіністік", - деп жазды әнші.

Сонымен қатар Дастан Оразбеков тек адалдық емес, әйелдің түсінігінің мол болуы маңызды екенін айтты.

"Әр ер азамат өз жарының адал болғанын қалайды. Бірақ қазіргі кезеңде, қазіргі болып жатқан жағдайда сол нәрсенің маңыздылығын түсінеміз. Бүгінде жарың адал болса, ол өте маңызды.

Сонымен қатар ол кісінің ақылы, түсінігі маңызды. Алайда әйел адамның тек ақылды болғаны аздық етеді. Кейде әйел ақылды бола тұра, кешірімсіз, түсінігі таяз болуы мүмкін. Ондай жағдайда, құр ақыл – бекер", - деді әнші видеода.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін әнші өзі үшін отбасына қамқорлық таныту және жақсы көру өте маңызды екенін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2004722-dastan-orazbekov-aielinin-qai-qasietin-bagalaitynyn-aitty-video/

pixel