Актриса Дариға Бадықова жұбайымен бірге тойда ән айта бастады (видео)
Жарияланған күні:
Отандық актриса Дариға Бадықова жұбайымен бірге тойда өнер көрсетіп жүр. Актриса күйеуі екеуінің жас жұбайларды мейрамхана төріне алып шыққан сәтін Instagram желісіне жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Шаңырақ көтерген жастар бақытты болсын", - деп жазды актриса.
Ал желі қолданушылары актрисаның дауысына таңғалғанын жасырмады.
"Дариғаның керемет әнші екенін енді біліп жатырмын", "Күйеуіңнің дауысына сүйсініп, риза болып отырмын. Ескендір Хасанғалиевтің дауысы сияқты тамаша екен", "26 жыл бұрын тойымыз осы әнмен басталып еді", "Дауысыңызға сөз жоқ", - деп жазды желі қолданушылары.
Естеріңізге сала кетейік, Дариға Бадықова осыған дейін оқырманының өтінішімен тұсау кескенін айтқан болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2004763-aktrisa-dariga-badyqova-zubaiymen-birge-toida-an-aita-bastady-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.